Рудныйда студенттер полиция бастамасымен флешмоб ұйымдастырды
Рудныйда педагогикалық колледж студенттері полиция бастамасымен флешмоб ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараны нашақорлыққа қарсы күрес бөлімі мен ювеналдық полиция бөлімі ұйымдастырды.
Мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Студенттер би және түрлі қойылымдар арқылы антинаркотикалық және әлеуметтік бастамаларға қолдау білдірді.
Бұл акция оқушылар мен жастар арасында тұрақты түрде жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бір бөлігі болды.