Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйдағы мектепте Ғазиз Байтасов атындағы кабинет ашылды

Рудныйдағы мектепте Ғазиз Байтасов атындағы кабинет ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудный қаласындағы жалпы білім беретін мектептің бірінде полицей кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ол мектеп оқушыларын – болашақ полиция көмекшілерін даярлауға арналған.

Жаңа кабинетке батырдың өмірбаяны мен полицей анты салынған стендтер орналастырылды. Мұнда оқушылар саптық дайындықтың негіздерін меңгеріп, үзілістерде тәртіп сақтауға, жауапкершілік, тәртіп пен мінез-құлық ережелерін түсінуге үйренеді.

- Мектебімізде осындай кабинет ашылғанына қуаныштымыз. Біз тәртіпті болып, басқа балаларға үлгі болғымыз келеді, - деді "Жас сақшы" бірлестігінің қатысушысы, 5-сынып оқушысы София Гулиенко.

Бағдарлама барысында қонақтар үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың тактикалық элементтері мен дене даярлығын қамтыған көрсетілімдері, қимылдың үйлесімділігін айқындайтын "карабиншілердің" өнері, сондай-ақ балалар мен ересектерден ән-би ұсынылды.

Шараның маңызды сәттерінің бірі оқушыларға "Жас сақшы" арнайы куәліктерін табыстау болды. Сонымен қатар балаларға естелік жиынтықтар мен сыйлықтар берілді.

Іс-шарадан кейін қонақтар мен қатысушылар "Горняк" мәдениет үйіне барып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Жиынға Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев және Рудный қаласы полиция басқармасының басшылығы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру