Рудныйлық полицейлер қос азаматтық мерзімін бұзудың 5 фактісін анықтады
Рудныйлық полицейлер қос азаматтық мерзімін бұзудың бес фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рудный қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Біржан Аманбаевтың айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтығы бар азаматтар арасында орын алады. Құқық бұзушылар өздерінің іс-әрекеттерін ішкі істер органдарына шетелдік азаматтық алу фактісі туралы хабарлауға үлгермегендігімен немесе ұмытып кеткендігімен дәлелдейді.
Осылайша, тек сегіз ай ішінде полицейлер бес фактіні анықтады. Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды.
– Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтық алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті, – деп түсіндірді полицей Біржан Аманбаев.
ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалану жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ шетел азаматтығын алу фактісі туралы заңда белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Бұл мәселеге ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев ерекше назар аударды. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі өз хатында Мемлекет басшысы қос азаматтығы бар шенеуніктерді жұмыстан шығаруды тапсырды.
– Мемлекеттік қызметші немесе квазимемлекеттік мекеме басшысы қос азаматтық алған жағдайда олар қызметтен босатылады», – деді Қ. Тоқаев.