Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәбіз салынған қаптардың біріне 34 телефонды жасырып, колонияға өткізбек болғандар анықталды

Ұлытау облысында көкөніс салынған қапқа 34 телефонды жасырып, түзеу мекемесіне алып өтпек болғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер 34 телефонды сотталғандарға арналған тамаққа жасырып, Ұлытау облысында орналасқан №62 мекемеге өткізбек болған. Аталған мекеменің қызметкерлері сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесті.

Азық-түлік өнімдерін тиеу кезінде Газель көлігі тексерілді. Сәбіз салынған қаптардың бірінде төрт қара түсті пластик “сәлемдеме” жасырылған. Ашылған кезде 34 телефон, 11 құлаққап, 3 флэш-карта және 30 SIM-карта анықталды.

Осы факті бойынша Жезқазған қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды.

– Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізбек болған күдіктінің мекенжайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру