Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрам ауданында 10 күнде төрт жүргізуші ішімдік ішіп, көлік басқарды

Сайрам ауданында 10 күнде төрт жүргізуші ішімдік ішіп, көлік басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрамдық сақшылар көлік басқарғанда жылдамдықты шамадан тыс асыру, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтауда тәулік бойы үзіліссіз қызмет атқаруда. Соңғы аптаның өзінде аудан жолдары бойында 213 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Нақтырақ атап өтсек,  көлік басқарғанда телефон пайдаланғаны үшін жеті жүргізушіге хаттама толтырылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 93 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған дабылына қарамай өткен бес жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра рульге отырған екі жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен жауапкершілігі қарастырылды. Сондай-ақ төрт жүргізуші ішімдік ішіп, көлік айдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, жүргізуші куәліктерінен айырылды.

Мысалы, патрульдік полиция тобының инспекторы күнделікті қызмет атқару кезінде аудан көшелерінің бірінде бұрылу шамын жақпай келе жатқан “Mersedec Benz 300” көлікті тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның мастығына күмән туындайды. Мұны медициналық сараптама қорытындысы да растап, жүргізуші “орта дәрежелі” мас халде көлік басқарған болып шықты. Аталған жайт бойынша іс құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Нәтижесінде жүргізуші кінәлі деп танылып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оған қоса, аудандық маңызы бар жолдарда 17 шақырым қауіпті учаскелер анықталып, тиісті мекемеге ұсыныс жолданды. 29 дана жол белгісі орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру