Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды

Сайрамда тұрғынның азаматтық некедегі күйеуі үйдегі теледидарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі үйінде тұрған Philips теледидары мен бұрғылау құрылғысын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 270 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері хабар алған бойда ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ер адам анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші өзара келісімге келе алмай, жанжалдасып, салдарынан әйел адам өзінің туыстарына кетіп қалған. Арада 2-3 күн өткен соң келгенінде, азаматтық некедегі күйеуі үйіндегі заттарды ұрлап, өзі кетіп қалған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру