Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер 21 жастағы алаяқ жігітті ұстады

Сайрамдық полицейлер 21 жастағы алаяқ жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданып келеді. Әйелдің айтуынша, өзіне сырттай таныс болып келетін адамы «жүргізуші куәлігін алып беремін» деген сылтаумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 мың теңге ақшасын алып ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркейді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген жергілікті тұрғын 21 жастағы азаматты ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіні бөлімшге жеткізіп, тергеу амалдарын жүргізді. Тергеу барысында күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Бүгінгі таңда күдікті жас жігіттің бас шарасы қолхатта.

Полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуды сұрайды. Егер де алаяқтардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру