Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер 5 жайтқа қатысы бар әккі ұрыны ұстады

Сайрамдық полицейлер бес жайтқа қатысы бар әккі ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Ол өзінің арызында кешкі уақытта белгісіз біреулер үйге кіріп жалпы құны бір миллион теңгеден астам болатын алтын сырғаларын, сондай-ақ 300 мың теңге болатын үш дана алтын білезігі мен басқа да бағалы бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі екі миллион теңгеден асты. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Тәртіп сақшылары жан-жақты тексеріп, көрген білгендерден сұрайды. Оқиға болған жерде бейнекамера болмаған. Алайда, полицейлер қырағылық танытып, ақпарат көздері арқылы әккі ұрыны төрт тәулік ішінде тұрғылықты мекенжайынан ұстап бөлімшеге жеткізеді.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіт қылмысты алдын ала ойластырған. Сонымен қатар тергеу үстінде күдікті ұрлықты тоқтатпай, бұдан да басқа төрт үйге ұрлыққа түсіп, тұрғындарға үлкен көлемде шығын келтіргені белгілі болды. Күдікті азамат бұрын, дәл осындай ұрлықпен екі рет сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда қамауда.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Пәтер ұрлығы болған жағдайда жедел түрде «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру