Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер наубайханадан телефон ұрлаған тұрғынды ұстады

Сайрамдық полицейлер наубайханадан телефон ұрлаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші күндізгі уақытта өзі жұмыс жасайтын Ақсукент ауылында орналасқан наубайханада тұрған LG Q7 телефонын белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрады.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Сайрам ауданының полицейлері ұрлық қылмысын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп жетті. Полицейлер жақын аймақтарды жіті тексеріп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды.

Соның нәтижесінде, күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақты зат ретінде телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Анықталғандай, орта жастағы ер адам дүкенге өзіне қажетті зат алу үшін кірген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, арам ойын жүзеге асырған. Одан өзгенің мүлкін сатуға тырысқанымен, сайрамдық полицейлердің қырағылығымен күдікті дер кезінде ұсталып, құрықталған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру