Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы: сотталғандар дәрігерлердің қабылдауында болды

СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №51 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан жобаны іске асыру шеңберінде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобасын дамытудың қаржылық қолдауымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық комиссияның бастамасымен ел аумағы бойынша медициналық пойыздарды жөнелту жобасы іске асырылды.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы «Саумалкөл» станциясына барша халық үшін Құрбан айт мейрамы күні келді. Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов медицина қызметкерлеріне, теміржол қызметкерлеріне және өңір тұрғындарына құттықтау сөз сөйледі. Кездесудің салтанатты бөлігінен кейін дәрігерлер пациенттерді қабылдауға кірісті.

№51 мекеменің қызметкерлері аудан орталығының аумағында өткізілетін іс-шара шеңберінде сотталғандарға жоғары білікті медициналық көмек көрсету мүмкіндігін пайдалана алмады. 5510 ә/б әскери наряд күштерін тарта отырып, мекеменің жедел тобының құрамымен «Саумалкөл» станциясына жеткізу ұйымдастырылды. Сотталғандар С. және Н. (медициналық көмекке мұқтаж адамдар) «тар» мамандардың қабылдауынан тегін, ауылдан тыс жерлерге бармай-ақ қосымша тексеруден және ультрадыбыстық тексеруден өтуге мүмкіндік алды, бұл дұрыс диагнозды анықтау және уақытылы емдеуді тағайындау уақытын едәуір қысқартты.

– Құрбан айт мерекесінде уақыт бөліп, қабылдау өткізген дәрігерлерге жеке көзқарасы мен кәсіби көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Рақмет, Құрбан айт қабыл болсын, – деді сотталған Н.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру