Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сандуғаш Сайлауқызы – адалдық пен кәсібиліктің үлгісі

Ішкі істер органдарында 17 жыл қызмет етіп келе жатқан Сандуғаш Сайлауқызы жайлы Polisia.kz. сайтынан оқи отырыңыз.

Полиция қызметі өте жауапкершілікті әрі қиындыққа толы мамандық. Форма киген қыздар жұмыстың қиындығына қарамастан, нәзіктігін сақтайды.

Павлодар облысы Аққулы ауданы полиция бөлімінің көші-қон тобының аға инспекторы Сандуғаш Сайлауқызы ішкі істер органдарында 17 жылдан аса қызмет етуде.

- Полиция болу – менің арманым, – дейді Сандуғаш Сайлауқызы.

2008 жылы жоғары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын "Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша оқу бітірген соң өзі армандағандай полиция қызметкері атанды.

2008 жылы Павлодар қаласындағы ҚР ІІМ училищесінде бастапқы дайындықтан өтіп, еңбек жолын Павлодар облысы Аққулы аудандық полициясында бастады. 2010 жылдың аралығында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор лауазымын атқарды. 2012–2024 жылға дейін кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі инспектордың қызметін атқарды.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, отансүйгіш және кішіпейіл азамат болып жетілуі үшін, отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері отбасы – бақытты отбасы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Менің міндетім – көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомстволарлық үйлестіруді және іске асыруды, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Сандуғаш Омарова қызмет бабында өзін бастамашыл, адал, кәсіби сауатты маман ретінде көрсетті. Өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындайды. Оның бойында нағыз полиция қызметкеріне тән ұстанымдылық, әділдік, сабырлық сияқты қасиеттер бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру