Саран қаласында ер адам зейнеткердің қолынан телефонын жұлып әкеткен
Саран қаласында ер адам зейнеткердің қолынан телефонын жұлып әкеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 65 жастағы зейнеткер арызданып, белгісіз біреу қаладағы дүкендердің бірінің маңында қолынан 27 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткені туралы арызданды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.1 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.