Саранда көршісінің атына екі тауарлық несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды
Саранда көршісінің атына екі тауарлық несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреулер оның телефондағы банк қосымшасын пайдаланып, жалпы құны 895 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдегенін айтты. Бұл деректі жәбірленуші телефонына несие төлеу қажеттігі туралы хабарлама келгенде бірақ білген.
Белгілі болғандай, осыдан екі апта бұрын жәбірленушінің үйінде бұрын көрші тұрған 26 мен 31 жас аралығындағы екі азамат қонақта болған. Олар полиция қызметкерлері тарапынан негізгі күдіктілер санатына ілінді. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында жоғарыда көрсетілген азаматтар ұсталып, жауап алу барысында мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктілер жәбірленушінің сенгіштігін пайдаланып, телефонын алып, ол арқылы екі тауарлық несие рәсімдеген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.