Саранда телефондағы мобильдік қосымша арқылы танысының ақшасын жымқырған күдікті анықталды
Саранда телефондағы мобильдік қосымша арқылы танысының ақшасын жымқырған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің банк есеп-шотынан 126 мың теңге ақшасы ұрланған. Жәбірленушінің телефонындағы мобильдік қосымшасын белгісіз біреудің қолданғаны белгілі болды.
Анықталғандай, бірнеше күн бұрын жәбірленуші 34 жастағы таныс әйелмен кездескен. Сол мезетте күдікті арызданушының телефонын шұғыл хабарласу үшін сұрап алған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ол азаматша ұсталып, мобильдік қосымша арқылы ақшасын қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.