Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саранда темір дуалды ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті

Саранда темір дуалды ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 наурыз күні Саран қалалық полиция бөлімі, патрульдік полиция взводының қызметкерлерімен қала орталығында қызмет өткеру барысында сағат 03.00 шамасында қала орталығында ауыр жүк көтеріп келе жатқан екі азаматты байқаған. Түн жарымында қызметтік көлікті көрген екі азамат қолдарындағы затты тастап, қаша жөнелген. Бұл қылықтары полицейлердің күдігін тудырып, жедел әрекеттер барысында полицейлер 23 пен 28 жас аралығындағы екі азаматты қолға түсірді.

Алдын ала анықтау жұмыстары барысында күдік тудырған азаматтар екі көпқабатты үйдің ортасына орнатылған темір дуалды ұрлап бара жатқаны белгілі болды. Ұсталғандар ұрланған затты темір қабылдау пунктіне тапсырмақшы болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру