Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарандықтың телефонын тартып алып, ақша талап еткен күдікті ұсталды

Сарандықтың телефонын тартып алып, ақша талап еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурыз күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Арыз беруші белгісіз біреу оның телефонын тартып алып, одан ақша талап еткенін айтқан. Жәбірленуші күдіктіге 20 мың теңге ақша берген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 12 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру