Сарыағаш ауданында көлік терезесін күңгірттеудің 700-ден астам жайты анықталды
Сарыағаш ауданында көлік терезесін күңгірттеудің 700-ден астам жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Оның ішінде Сарыағаш ауданында күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мас халде көлік басқарудың – 56 жайтын, қарсы бағытқа шығу, яғни 596-бап бойынша – 70 жайтын, 509-баптың 5-бөлігі күңгірттеу (тонировка) бойынша – 744 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – автокөліктің терезесін күңгірттеу.
Мәселен, Сарыағаш АПБ патрульдік полиция тобының инспекторы Ерболат Диханбаев жолдарды патрульдеу кезінде автокөлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Полицейлер «Ауди 100» маркалы көліктің жүргізушісінің құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екенін түсіндіреді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) хаттама толтырады.
Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алады. Жалпы аудан полицейлері мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер және жол қозғалысына қатысушыларға ескертеді: осы тәрізді олқылықтарға жол бермеңіздер. Одан бөлек, жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.