Сарыағаш полицейлері ел аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдікті Семей қаласынан ұстады
Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Ол жұмыс жасау мақсатында Семей қаласында жүрген жерінен анықталды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.