Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері көліктен ұрлық жасаған тұрғынды анықтады

Сарыағаш полицейлері көліктен ұрлық жасаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарығаш аудандық полиция бөліміне қазығұрттық тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлігіне жол бойында тоқтатқан ер адамды мінгізген. Содан жолаушы діттеген жерінен түскен соң, жүргізуші өзінің Lenovо ноутбугы жоқ екенін байқайды. Жолаушыдан күдіктенген жәбірленуші бірден полицейлерден көмек сұраған. Келтірілген шығын көлемі – 185 мың теңге.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Істі ашуға жылдам кіріскен тәртіп сақшылары қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Куәлардан сұрастырды. Арнайы бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы бір тәулікте күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті ер адам түсер кезде көліктің артында тұрған ноутбукты көзі шалып, өзімен бірге байқатпай ұрлап кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда ноутбук тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру