Сарыағаш полицейлері пәтерден сөмке ұрлаған күдіктіні ұстады
Сарыағаш полицейлері пәтерден сөмке ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын 102 нөміріне хабарласып, белгісіз біреулердің жатын бөлмесіне кіріп, сөмкесін жымқырғанын айтқан. Қол сөмкенің ішінде құжаттар мен ақша болғанын көрсеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығынның көлемі 60 000 теңге. Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Сарыағаштық полицейлер бөтеннің мүлкін жымқырған күдіктіні іздестіру жұмыстарын бастады. Көрген білген куәгерлерден жауап алып, күмән тудырған іс әрекетті іздеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары үш тәулік ішінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғын орта жастағы ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Белгілі болғандай, күдікті үйге түнгі уақытта еніп, өз арам ойын жүзеге асыру мақсатында көзіне түскен қолсөмкені жымқырған. Сондай-ақ полицейлер күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Бүгінде ұсталған күдікті қамауда. Күдікті бұрын сотты болған.