Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері су бұрғылау құрылғысын жымқырған үшеуді ұстады

Сарыағаш полицейлері су бұрғылау құрылғысын жымқырған үшеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға кәсіпкер хабарласып арызданған. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер құны 330 мың теңге болатын су бұрғылау құрылғысын жымқырып кеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, шұғыл оқиға орнына жетті. Сондай-ақ полицейлер ұрлықтың қалай болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер бір апта ішінде үш бірдей күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған орта жастағы үшеуді полиция бөліміне жеткізді.
Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын көріп, сырттай бақылап жүрген. Осылайша күдіктілер оңтайлы сәтті күтіп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде ұрланған құрал толықтай заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру