Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш тұрғындарын алдап соққан күдікті анықталды

Сарыағаш тұрғындарын алдап соққан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтық қылмысы туралы хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам мүгедектік бойынша зейнетке шығарып беремін деп уәде берген. Алаяқ бұл қызметі үшін өзіне сенген әйелден 200 мың теңге алып, соңында бой тасалаған.

Сарыағаштық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде оның осыған ұқсас тағы бір алаяқтық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Яғни, ер адам мүгедектік бойынша зейнетақы рәсімдеуге көмек көрсету сылтауымен келесі жәбірленушіден 150 мың теңге алған.  

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру