Сарыағашта 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдер тобы 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-не 2008 жылы жергілікті тұрғын арызданып, өзінің танысы Өзбекстан елінен ірі мөлшерде ет алып келіп беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңгесін жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жасаған. Алайда ақпарат көзінің жоқтығына байланысты қылмыскерді ұстау оңайға тимегендіктен, іздеуге қойылған. Содан сарыағаштық полицейлер күдіктіні анықтау мақсатында күні-түні қажетті жұмыстырды жасады. Нәтижесінде жедел уәкілдер тобы күдікті азаматты ақпарат көздері арқылы Мәскеу қаласынан анықтап, бөлімге жеткізді.
Белгілі болғандай орта жастағы күдікті азамат 10 жыл бойы Ресей Федерациясында жұмыс жасап жүрген жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Бүгінгі таңда айғақты зат ретінде күдіктіден ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ер азамат қамауда. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін азаматтарға мұқият болуды және күмәнді ұсыныстарды, бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді. Тез пайда табуға үміттеніп, өз мүлкіңіз бен ақшаңызды басқа да жеке ақпаратты белгісіз адамдарға бермеңіз. Егер де, сіз, алаяқтықтың немесе басқа да осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға, «102» нөміріне хабарласыңыз.