Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта 150 адамға көкпар ұйымдастырғандар анықталды

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары қойылған. Осы бағытта Сарыағаш АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Осындай кезекті рейдтік шара барысында күндізгі 15:30 шамасында Сарыағаш ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. 150-ге жуық адам жинап, “Бата көкпар” ұйымдастырып, карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған 60 жастағы тұрғынға қатысты іс-құжаттар жинақталуда. ҚР ҚК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды.

Сондай-ақ жыл басынан бері Сарыағаш ауданында жасырын түрде 10-ға жуық көкпар ойыны ұйымдастырылған. Тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында, дер кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көкпар ойындары тарқатылып отыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру