Сарыағашта бір тәулік ішінде 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Сарыағашта жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара кезінде тәулік ішінде 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы бойынша полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің нұсқауымен әр аптаның демалыс күндері полиция қызметкерлерімен нөлдік төзімділік аясында жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі. Бұл жолы Сарыағаш ауданында 2 бағытта рейд өткізілді.
Аумақта орналасқан ойын-сауық пен көңіл көтеретін орындарда тәртіптілікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еруінсіз жүруін және сотпен көңіл көтеретін жерлерге баруға шектеу қойылған азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде бір тәулік ішінде 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Ал 40 автокөлік айыптұраққа орналастырылды. Нәтижесінде аудан аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ.