Сарыағашта бұрын сотты болған азамат ұрлық жасаған
Бұрын сотты болған 22 жастағы жігіт қайта ұрлық жасаған. Азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен шағымданды. Ер адамның айтуынша, өзіне тиесілі жылыжайға барғанда белгісіз біреудің электр тоғын беретін (Движогын) ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңгені құрады.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы бұрын алаяқтығы үшін сотты болған жергілікті тұрғынды құрықтады. Белгілі болғандай, күдікті жылыжайға түнгі уақытта ұрлыққа түскен.
Полицейлер күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде электр тоғын тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда жас жігіт қамауға алынып, қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.