Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік қолға түсті

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Анықталғандай, күдікті РФ Самара қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицейлер күдіктіні Сарыағаш ауданынан ұстады. Ер адам шекара арқылы Өзбекстан Республикасына өтпекші болған. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Атап өтсек, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының полицейлері жыл басынан бері халықаралық іздеу жарияланған 7 қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру