Сарыағашта карантин ережесін бұзған той иелері анықталды
Сарыағашта карантин ережесін бұзған той иелері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері шілде айының 22-30 күндері аралығында карантин режиміне қарамастан, жасырын той істегендердің жеті дерегін анықтады. Сондай-ақ сарыағаштық тәртіп сақшылар әр тойда кемінде 50-ден астам адам болғанын растады.
Белгілі болған бұл әкімшілік құқық бұзушылық бойынша карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхана иелері мен той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша) әкімшілік шара көру мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.