Сарыағашта полицейлер үйіне есірткі жасырған тұрғынды анықтады
Сарыағашта полицейлер үйіне есірткі жасырған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен және де үйінің жатын бөлмесінен пакетке оралған есірткі заты айғақ ретінде тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда.