Сарыағашта қызық үшін жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Сарыағашта қызық үшін апаттық жағдай туғызған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары желіге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш ауданындағы орталық көшелердің бірінде басқа көліктерге апаттық жағдай туғызып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Содан полицейлер бірден жүгенсіз жүргізушінің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті.
Нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзып, құқық бұзушылық жасаған автокөлік иесі табылды.
ВАЗ-2107 көлігі айыптұраққа қойылды.
Ал 18 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен «Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жүргізуші теріс әрекетін қызық үшін, мақтанып жасағанын мойындап, істеген әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.