Сарыағаштық полицейлер тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады
Сарыағаштық полицейлер тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында танысы үйіндегі сандықтың ішінде тұрған түрлі-түсті маталарын күш қолданып алып кеткенін жеткізеді. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.
Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаш АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті азаматты өз үйінен ұстады.
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті жәбірленушінің үйіне мас халде кірген. Содан соң үй иесінен ішімдік үшін ақша сұраған. «Ақша жоқ» деген жауап алған тәртіп бұзушы аразданушыға күш қолданып, бағалы заттарын алып қойған. Күдікті тұрғынның үйінен заңсыз алынған заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ол өз кінәсын толық мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай» ашуға толық мүмкіндік береді.