Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер жолаушыдан есірткі затын тапты

Сарыағаштық полицейлер жолаушыдан есірткі затын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ полиция қызметкерлері Сарыағаш қаласы Майлы қожа көшесінде рейд жүргізіп көлікті тоқтату барысында ішіндегі күмән тудырған азаматты байқайды. Содан соң тәртіп сақшылары жолаушының жеке басын анықтайтын құжатын сұрайды. Осы сәтте күдікті сырт киімінің қалтасынан құжатын ала бергенде, газет орамасы қоса түсіп қалған. Полицейлер оны тексеру барысында, хош иісті есірткіге ұқсас зат екенін анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың 20 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көрілуі үшін іс өңделуде.

Тергеу барысында күдікті азамат есірткі затын тауып алғанын және оны өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған. Сонымен қатар күдікті ер азамат Келес ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Бүгінгі таңда 55 жастағы күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар карантин талаптарына бағынып, бетперде тағып, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру