Сарыарқа аудандық ПБ басшылығы азаматтардың сұрағына жауап берді
Сарыарқа аудандық ПБ басшылығы азаматтардың сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ бастығы Данияр Жанқұлов халықпен бірге кездесу өткізді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмыстың негізгі нәтижелеріне толықтай тоқталып өтті. Қылмыстарды ашуға ерекше көңіл бөлінді.
Жыл басынан бері “ізін суытпай” 1245 қылмыс ашылды. Бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Үй чаттарына алаяқтықтан сақтану туралы бейнематериалдар тұрақты түрде жіберіліп отырады.
Қоғамдағы ең күрделі мәселелердің бірі нашақорлық. Осы мақсатта Сарыарқа ауданында есірткі жарнамасына қатысты 700 граффити өшірілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам қоғамдық-саяси іс-шара кезінде тәртіп қамтамасыз етіліп, 82 жедел-профилактикалық іс-шара, 225 рейд және 45 акция өткізілді. 10 SOS дабыл батырмасы орнатылып, 3 модульдік полиция бекеті ашылды.
2024 жылы заңсыз көші-қонмен күрес бойынша кешенді шаралар қабылданды. Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталып, елден шығарылды.
— Бүгін айтып өткен шаралар – полицияның күнделікті атқаратын жұмысының бір бөлігі ғана. 2025 жылы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмысты бірлесіп жалғастырамыз деп сенемін, — деді Данияр Аралбайұлы.