Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысулық полицейлер борышкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Ағымдағы жылғы желтоқсан айының 9 мен 11 аралығында Сарысу ауданы аумағында “Борышкер-2020” республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты – тұрғындарды әкімшілік айыппұлдарын өз уақытында төлеу қажеттілігі туралы ақпараттандыру болып табылады.

Аудандық деңгейдегі “Борышкер-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасына әкімшілік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция және мектеп инспекторларынан тұратын барлығы 20-ға жуық полиция қызметкері қатысуда.

– Азаматтар өз айыппұлдарын онлайн-режимде, екінші деңгейдегі банктердің кассалық есеп бөлімшелерінде, сондай-ақ ғаламтор сайттарында мобильдік қосымшалар арқылы тексеруге және төлеуге болады. Осыған орай, Сарысу ауданының тұрғындарын, оның ішінде борышкерлерді әкімшілік айыппұлдарын уақтылы төлеуге, ал ең дұрысы – заңды бұзбай, жол ережелерін сақтап жүруге шақырамын! Аталған күндер аралығында біз жергілікті xалықты барынша ақпараттандыруға, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз, – деп атап өтті Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асxат Алметов.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Ади :

    Жігіттер жақсы жұмыс атқаруда, жарайсыздар👍

Жауап қалдыру