Сәтбаев полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Сәтбаев полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтарда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне қала тұрғыны 10 жастағы немересін тауып беруді сұрап арызданды.
Жаңа жыл мерекесінде қалаға әжесіне қонаққа барған жасөспірім 4 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында үйден шығып, қайтып келмеген. Әжесі қыздың үйіне жеткеніне сенімді болып, ал анасы оны әлі қалада әжесінің үйінде деп ойлаған. Келесі күні туыстары баланың еш жерде жоқ екенін түсінді.
Жоғалған бала іздеу үшін шұғыл түрде қалалық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тартылды. Жедел-іздестіру шарасына 83 полиция қызметкері тікелей жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған бала аз уақыттың ішінде табылды.
Анықталғандай, жасөспірім сол күні үйіне бару туралы ойын өзгертіп, отбасына бұл туралы айтпай, құрбысының үйіне түнеп шыққан. Баламен туыстарының қатысуымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор мен психологтар сөйлесті. Жоғалған баланың анасы жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.