Сәтбаев қаласының зейнеткері металл ұрлығының алдын алды
Сәтбаев қаласының зейнеткері дер кезінде полиция шақырып, металл ұрлығының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтар күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне қаладағы күзеті жоқ мекеменің ауласында белгісіз біреулер ұрлық жасап жатқандығы туралы хабарлама түсті.
Күдіктілердің әрекетін сол маңда тұратын 71 жастағы зейнеткер әжей көріп, полиция шақырған.
Оқиға орнына санаулы уақытта жедел-тергеу тобы жетіп, полицейлерді көргенде қашуға оқталған ГАЗель автокөлігі ұсталды. Көліктің басқаруында 29 жастағы азамат болған. Көлікке жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жүк бөлігінен темір бұйымдар табылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленуші тарапты анықтауда.