Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта 17 жастағы қыздың сөмкесін ұрлаған адам қолға түсті

Сәтбаевта 17 жастағы қыздың сөмкесін ұрлаған адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 50 жастағы әйелден арыз түсті. Ол белгісіз біреу 17 жастағы қызынан косметика, қуаттағыш және екі мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша салынған сөмкені ұрлап кеткенін айтты. Ұрлық қыз сатушы болып жұмыс істейтін дүкендердің бірінде болған екен. Біраз уақыт сөмкесін қараусыз қалдырған кезде осы мүмкіндікті пайдаланған ұры сөмкені алып кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

26 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты заттың бір бөлігі алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру