Сәтбаевта батыр полицей Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті
Сәтбаев қаласында батыр полицей Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәтбаев қаласының полиция бөлімінде халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті.
Осыдан тура он төрт жыл бұрын қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан батырдың есімі ел жадында мәңгі сақталып келеді.
Іс-шараға полиция бөлімінің басшылығы, жеке құрам қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өткен жылы Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің алдында Ғазиз Байтасовтың құрметіне арнайы ескерткіш орнатылған болатын. Бұл ескерткіш – ерлік пен адалдықтың мәңгілік нышаны.
Полиция қызметкерлері Ғазиз Байтасовтың өмір жолы мен қаһармандығы жас ұрпақ үшін нағыз ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісі екенін атап өтті.
