Сәтбаевта бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысқан
Сәтбаевта бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 желтоқсан күні сағат 23.00 шамасында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне Тәуелсіздік даңғылында жол-көлік оқиғасы орын алды деген хабарлама келіп түсті. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері келді.
Анықталғандай, жаяу жүргіншілер өткелінде Mitsubishi көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, Lada көлігімен соқтығысқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер өзін жөнсіз ұстаған, жол-көлік оқиғасына себепкер жүргізушіде құжаттар болмағанын анықтады.
Сараптама жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын анықтады.
Сонымен қатар, азамат осы жылдың тамыз айында көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.