Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта ер адам білім беру ұйымында тұрғынның қол сөмкесін ұрлап кетті

Сәтбаевта ер адам білім беру ұйымында тұрғынның қол сөмкесін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Арызданушы әйел білім беру ұйымдарының бірінде кеңес алып жүрген кезде, белгісіз біреу ақша салынған қол сөмкені ұрлап кеткенін айтты.

Келтірілген шығын көлемі 61 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

26 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру