Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта полицейлер бір ай бұрын ұрланған алабай күшігін иесіне қайтарды

Сәтбаевта полицейлер бір ай бұрын ұрланған алабай күшігін иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуірде Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу алабай тұқымынан шыққан бір жасар күшікті ұрлап кеткен деп түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгені құрайды.

Ұрлық жәбірленуші көлік жуатын орындардың біріне барған кезде болған. Осы уақытта аумақты айналып жүрген ит із-түссіз жоғалып кеткен. Көлік жудыруға келген көліктердің бірі күшікті алып кеткені белгілі болды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 мамырда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді 23 және 30 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар кінәсін мойындап, күшік жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру