Сәтбаевта полицейлер маңызды жиынға қатысты
Сәтбаев қаласының полиция бөлімінде жеке құрамның тәрбиесі бойынша маңызды жиналыс өтті. Жиналысқа облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Алдияр Абишев және полиция бөлімінің басшысы Еркебұлан Байзақов қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиналыстың басты мақсаты – жеке құрамның тәрбиесі мен кәсіби дайындығын арттыру мәселелерін талқылау. Алдияр Абишев өз сөзінде тәрбие жұмысының маңыздылығын атап өтіп, жеке құрамның моральдық және психологиялық жағдайының тұрақтылығы жайында жеткізді.
Полиция бөлімінің басшысы Еркебұлан Байзақов жиналыста Сәтбаев қаласындағы полиция қызметкерлерінің тәрбие мәселесіне қатысты жүргізілген жұмыстарды қорытындылады. Ол жеке құрамға арналған тренингтер, семинарлар мен психологиялық қолдау шараларының жүйелі жүргізілетінін атап өтті.
Жиналысқа жеке құрам бойынша инспекция да қатысты. Инспекция өкілдері бөлімнің тәрбие жұмыстарына қатысты өз ұсыныстарын білдірді және болашақта атқарылатын іс-шараларды талқылады. Келесі қадамдар ретінде тәрбие бағдарламаларын жетілдіру және қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту мәселелері қарастырылды.
Жиын барысында тыңдалған пікірлер мен ұсыныстар белсенді талқыланды, бұл полиция бөлімінің жеке құрамының кәсіби біліктілігін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.