Сәтбаевта «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ өтіп жатыр
Сәтбаевта «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15-16 наурызда Сәтбаев аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Сәтбаев қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері 57 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, тиісті хаттамалар жасады. Әсіресе мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізушіге қатысты болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша екі хаттама толтырылып және әкімшілік сотқа жолданды.
Осы баппен жыл басынан бері 16 жүргізушіге хаттама толтырылды.