Сәтбаевта сауда үйінен дезодорант ұрлаған ер адам анықталды
Сәтбаевта сауда үйінен дезодорант ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпан күні Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 32 жастағы азаматша хабарласып, өзі қызмет ететін сауда үйінде белгісіз біреу, оның жоқтығын пайдаланып, құны 14 мың теңге тұратын дезодорант ұрлап кеткені туралы арызданған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
6 сәуір күні полиция қызметкерлерімен аталған қылмысты жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.