Сәтбаевта түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 32 жасөспірім анықталды
Сәтбаевта «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Үш күн ішінде түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілсіз жүрген 32 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды анықтау және заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүруі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара басталғалы алғашқы үш күнде түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз көшеде және ойын-сауық орталықтарында жүрген 32 бала анықталып, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Түнгі уақытта кәмелетке толмағандар ойын-сауық орталықтарында және көшеде жүруі бойынша біз үнемі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырамыз. Мақсатымыз – жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу. Жыл басынан бері ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағандарға 206 хаттама толтырылды. Осы бағытта мобильді топтар ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған кәмелетке толмағандарды анықтайды және ойын-сауық орындарының әкімшілері мен ата-аналарға қатысты әкімшілік жазалау шараларын қолданады, – деді Сәтбаев қалалық ПБ бастығы Абуали Мнайдаров.