Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта жасөспірімді тонаған ер адам қолға түсті

Сәтбаевта жасөспірімді тонаған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде 48 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреудің 15 жастағы баласының қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 93 мың теңгені құрайды. Полиция ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

4 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру