Сауатты учаскелік полиция инспекторы – ауыл тұрғындарының тыныш өмірінің кепілі
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығының атына ауыл тұрғындарынан алғыс келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменовтің атына Қордай ауданы Әлжан Ана ауылының тұрғындарынан хат келіп түсті. Олар учаскелік полиция инспекторы Сейлбек Садырбаевтың адал қызметін атап өтіп, оны марапаттау туралы басшылыққа өтініш білдірген.
Ауыл тұрғындары былай деп жазады:
– С.Садырбаев 2018 жылдың соңында учаскелік инспектор болып тағайындалды. Оның сауатты кәсіби қызметінің нәтижесінде біздің кентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар саны азайды.
Бұдан әрі олар полиция капитанының құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты сақтау, халықпен жиі кездесулері және проблемалық құқықтық мәселелерді шешудегі ұйымдастырушылық қабілеттері турасында, сондай-ақ жүргізіп жатқан нәтижелі жұмысын атап көрсеткен.
Мәселен, С.Садырбаев ауылдың жас белсенділерімен бірге имамның, ақсақалдар мен билер кеңесінің төрағасының белсенді қолдауымен жергілікті кәсіпкерлерге жергілікті тұрғындар алкогольді асыра пайдаланбауы үшін дүкендерде спирттік ішімдіктерді сату санын қысқарту туралы ұсыныспен шыққан. Учаскелік полиция инспекторының бұл бастамасын жергілікті тұрғындар қолдады, олар мұндай өмірлік маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге болатындығына көз жеткізді.
Хаттың соңында ауыл тұрғындары облыстық Полиция департаменті мен Қордай АПБ басшыларына кәсіби кадрлары үшін алғыс білдіріп, оларға мықты денсаулық және халық игілігі үшін атқарып жүрген қиын қызметінде сәттілік тілейді.