Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда орнынан алтын жүзікті қолды қылған жетісайлық әйел анықталды

Түркістан облысының полицейлері сауда орнынан алтын жүзікті ұрлаған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не Жетісай қаласының тұрғыны арызданып келген. Ол сағат 15:00 шамасында Жетісай қаласындағы жұмыс жасайтын сауда орталығында тартпа ішінде тұрған құны базар нарқымен 88 мың теңге тұратын алтын жүзігін белгісіз біреу ұрлап кетіп, шығын келтіргені жөнінде көрсеткен. Арызды ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркеген Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ, КПБ-нің қызметкерлері ұрыны жедел анықтау мақсатында бірден іске кірісті.

Ұрлық орын алған сауда орнын, оның айналасын мұқият қарап шықты. Сауда орнының қызметкерлерінен, куәлардан жауап алды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті әйел тартпа ішінде тұрған алтын жүзікті байқап, өзінің жеке бас пайдасы үшін жымқырған. Бүгінде қолды болған алтын жүзікті күдікті азаматша ломбардқа өткізіп жібергендігі анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері тұрғындарға өздеріңізге тиесілі сауда орындарын, басқа да ойын-сауық мекемелеріне арнайы дабылқаққыш пен бейне бақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру