Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда орталығында жасалған ұрлық ашылды

Сауда орталығында ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасына бойжеткен қыз хабарласып, Тараз қаласының сауда орталықтарының бірінде белгісіз тұлғаның қойма бөлмесіне кіріп, еркін қол жеткізу арқылы күртешесінің қалтасынан 15 000 теңге сомасында ақша қаражатын жасырын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдікті ретінде 38 жастағы ер адамды анықтап ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру