Сауда үйлерінің бірінен йога костюмін ұрлаған әйел ұсталды
Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінен йога костюмін ұрлаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті.
Белгісіз біреу бутикте сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден йогаға арналған костюм жиынтығын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматшаны ұстады.
Күдікті азаматшадан айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.